Іс-шаралар » Страница 40 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектеп -қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ"
21
қараша
2022
"Мектеп -қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ"
Мектебіміздің 9 "Д" сыныбында "Мектеп -қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ" тақырыбында конференция өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру. Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне тәрбиелеу.  
"Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!"
19
қараша
2022
"Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!"
5-сынып оқушылары арасында "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" атты суреттер сайысы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.
“Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық әлемі”
17
қараша
2022
“Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық әлемі”
17.11.22ж. мектеп оқушыларына Халық жазушысы “Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық әлемі” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Ә.Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру.  
"Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт денсаулығын сақтау"
16
қараша
2022
"Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт денсаулығын сақтау"
Мектебіміздің 2 сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт денсаулығын сақтау" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:  Оқушыларды тамақтану мәдениетімен таныстырып, меңгерту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру. Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт — дәстүрлерін жаңғырту арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
"Рәміздер мақтанышым"
15
қараша
2022
"Рәміздер мақтанышым"
Мектебіміздің бастауыш сыныптарында "Рәміздер мақтанышым" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
"Мұхтар Шаханов 80 жаста"
14
қараша
2022
"Мұхтар Шаханов 80 жаста"
Мектебіміздің оқушыларымен "Мұхтар Шаханов 80 жаста" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Қазақтың аса көрнекті ақыны Мұхтар Шаханұлының өмірі мен шығармышылығынан жалпы мәлімет бере отырып, азамат ақын екенін дәлелдеу, оқушылардың эстетикалық сезімін ояту.  
"Ғасырдың ғаламат ақыны"
11
қараша
2022
"Ғасырдың ғаламат ақыны"
Мектебіміздің оқушыларына "Ғасырдың ғаламат ақыны" тақырыбында көрме өткізілді. Мақсаты: Мұхтар Шаханов лирикасын, ақын өлеңдерінің мазмұны мен пішінін, оның лирикасындағы дәстүр мен жаңашылдықты оқып үйренуге тәрбиелеу.  
«Оқушылардың көшеде және жолда жүру тәртібі»
09
қараша
2022
«Оқушылардың көшеде және жолда жүру тәртібі»
Мектебімізде «Оқушылардың көшеде және жолда жүру тәртібі» тақырыбында 4-сыныптар арасында әңгіме өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың жолда,көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін жетілдіру және оларды іс жүзінде қолдана білуді үйрету.  
“Жасөспірім және заң”
08
қараша
2022
“Жасөспірім және заң”
8 ”В”сынып оқушылар арасында “Жасөспірім және заң” тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
“Мен XXI ғасыр көшбасшысы”
03
қараша
2022
“Мен XXI ғасыр көшбасшысы”
6 сынып оқушылары арасында “Мен XXI ғасыр көшбасшысы” тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.