Іс-шаралар » Страница 17 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
”Түлектердің ағаш егу”
03
мамыр
2024
”Түлектердің ағаш егу”
Мемлекет басшысының *”Таза Қазақстан”* экологиялық акциясын қолдау мақсатында 2024 жылдың 3 мамыр күні сағат 11.00 де *”Түлектердің ағаш егу”* челленджі ұйымдастырылды. Мектеп бітіруші түлектер мектеп ауласына гүлдерді және көше бойына ағаштарды отырғызды.
“Бабалар дәстүрі- ұрпаққа өсиет”
03
мамыр
2024
“Бабалар дәстүрі- ұрпаққа өсиет”
Халқымыздың бойында тектiлiк болмыстың қалыптасуына ең алдымен ата-баба салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпының және рухани құндылықтардың рөлi зор. Рухани құндылықтар – адам өмiрiнiң ажырамас бөлiгi. Кез келген халықтың болмысы мен болашағы өзiне тән ұлттық құндылықтар арқылы қалыптасады. Өнегелі ата-бабаларымыздың тәлім-тәрбие үлгісін насихаттау мақсатында мектебіміздің 4”Б” сыныбында “Бабалар дәстүрі- ұрпаққа өсиет” тақырыбында сұхбат жүргізілді
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік»
29
сәуір
2024
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік»
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымақ,келісім күні «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Алматы біздің ортақ үйіміз
29
сәуір
2024
Алматы біздің ортақ үйіміз
Шарлар - бұл латекстен тұратын материал, ол табиғатта бірнеше жыл ішінде ыдырап, оған елеулі зиян келтіреді. Ал шарлар сөнгенде, олар жерге немесе суға құлап кетеді, бұл жерде жануарлар оларды тамақ деп қателесуі немесе арқанға шатасып қалуы мүмкін. Мұның бәрі олардың денсаулығына ауыр зардап тигізіп, тіпті өлімге әкеледі. №101мектеп-гимназия мектеп бітіру кешінде гельдік шарларды қолдануға тыйым салу бойынша ақпараттық науқанды бастау үшін челленджге қосылды.
«Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі”
26
сәуір
2024
«Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі”
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығының бағдарламасы бойынша #101 мектеп-гимназияның 4 “Г” сынып оқушыларының ата-аналарымен «Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі” тақырыбында сабақ өткізілді.
«Жасөспірімнің қажеттіліктері мен қалаулары»
25
сәуір
2024
«Жасөспірімнің қажеттіліктері мен қалаулары»
Ата-аналарға қолдау көрсету оралығының бағдарламасы бойынша №101 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Жасөспірімнің қажеттіліктері мен қалаулары» тақырыбында сабақ өтілді.
“Екінші өмір сыйла”
16
сәуір
2024
“Екінші өмір сыйла”
“Алматы-біздің ортақ үйіміз” қалалық компаниясы аясында 8-10 сыныптар “Екінші өмір сыйла” ұранымен қалдықтардан киім тікті.
“Достық-көмекпен мықты”
15
сәуір
2024
“Достық-көмекпен мықты”
Достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды.Мектебіміздің 6”Д”сыныбында “Достық-көмекпен мықты” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді
«Діни экстремизмге-тосқауыл»
11
сәуір
2024
«Діни экстремизмге-тосқауыл»
Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Мектебіміздің 8 сынып оқушыларымен «Діни экстремизмге-тосқауыл» тақырыбында жиналыс өткізілді. Оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерін білдірді.
«Шаш өру-қазақ және ұйғыр қыздарына тән»
04
сәуір
2024
«Шаш өру-қазақ және ұйғыр қыздарына тән»
Ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізге сай қыз бала шашын өріп, шолпы немесе шашбау тағатын болған. Осы қос бұрым көздің жауын алып, таңдай қақтыртқан. Нәзік болмысын айшықтауға көмектескен. Мұнымен қатар шаш өру – халқымызда ежелден келе жатқан өнер. Мектебіміздің 8 «В» сынып қыздарымен «Шаш өру-қазақ және ұйғыр қыздарына тән» тақырыбында сайыс өткізілді.