«САЛАУАТТЫ ӨМІР - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ» » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ақпан
2025

«САЛАУАТТЫ ӨМІР - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ»

2025 жылдың 17 ақпан күні мектебімізде тәрбиелік мәні зор кездесу өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесімен бірлесіп «САЛАУАТТЫ ӨМІР - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ» тақырыбында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Исраилова Махинур Вилямқызы бастаған түрлі этномәдени орталығының өкілдері, 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты және қоғамда болып жатқан өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараның мақсаты жастарды зиянды әрекеттерден қорғап, болашақ ұрпаққа саналы тәрбие беру арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету. Іс-шара барысында 10 А сынып оқушылары сахналық қойылымдарды қойды және мектеп психологы А.Азимова ата-аналарға тренингтер жүргізді.