21
наурыз
2024
"Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні"
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін деген ізгі тілекпен мектебіміздің 8-Г сынып оқушылары баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтап, бейне құттықтауларын жолдайды.
