14
наурыз
2024
«Қайырымдылық күні»
15 наурыз «Қайырымдылық күні» – Мейірімділік күні. Бұл күн бүкіл ел бойынша қайырымдылыққа, мейірімділікке және татулыққа арналған. Қайырымдылық және басқа да осындай іс-шараларды өткізу қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға, жанашырлық пен өзара көмек көрсету құндылықтарын қалыптастыруға көмектеседі. Аталмыш мереке күніне орай N101 мектеп-гимназияның ұстаздар ұжымы, оқушылардың ата-аналары аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 25 отбасына материалдық көмек көрсетті.
