27
қаңтар
2022
"Нашақорлық және СПИД-бүгінгі күннің індеті"
2022 жылдың 28 қаңтар күні №11 қалалық емханасының психологы Абилдаева Алтынай Кабденовна мен дәрігер-гинеколог Досаева Дианара Бахытбековналар 10 сынып оқушыларына "Нашақорлық және СПИД-бүгінгі күннің індеті" тақырыбында лекция оқыды. Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


