21 қазан 2020 «Адал ұрпақ. Я патриот своей страны» View this post on Instagram Алматы қаласы Жетісу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 20 қазан күні аудандағы №101 мектеп-гимназияда онлайн форматта «Адал ұрпақ. Я патриот своей страны» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің басшысы Кайыржан Ахметбекұлы Токушев, Жетісу аудандық Білім бөлімінің басшысы Салтанат Амангелдіқызы Кусаинова, мектеп директоры Хуршидам Абдуллақызы Ниязова, мектеп әкімшілігі және оқушылар қатысты. Мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майгуль Турсынқызы мектеп-гимназияда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының орындалуы және «Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы ақпарат берді және «Адал ұрпақ» клубының мүшелері «Адал ұрпақ. Я патриот своей страны» атты ашық тәрбие сағатында өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кайыржан Ахметбекұлы Токушев «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелеріне ризашылығын білдіріп, атқарылатын іс-шараларды тізбектеп көрсетіп, нақты ұсыныстар енгізді. «Саналы ұрпақ» жобасының аясында дайындалған әдістемелік нұсқауларды түсіндірді. Өткізілген іс-шара оқушылар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік- этикалық құндылық негіздерін қалыптастыруда зор маңызға ие болды. @zhetisu.roo @edu.almaty @khurshida_101 A post shared by Школа-гимназия 101 (@shkola_101) on Oct 19, 2020 at 11:42pm PDT