Жетісу ауданы Білім бөлімінің және NUR OTAN партиясы филиалының қолдауымен 101 мектеп-гимназияның оқу-тәрбие жоспары негізінде 13.12.2019 күні 7 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 28 жылдығына арналған "Бір шаңырақ астында" фестивальі өткізілді. Фестивальдің мақсаты:жас буынды өз Отанының болашағына сенімді патриот етіп тәрбиелеу. Оқушылардың азамат ретінде қалыптасуына, Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тереңдету, адам еркіндігі мен құқығын сыйлауға, құрметтеуге баулу. Мемлекетіміздің негізгі ұстанымы – Бірлік, Достық, Сыйластық екендігі туралы көзқарас қалыптастырып, адамгершілікке, татулыққа, ұлтаралық сыйластыққа тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту