"Ақыл керек білім таңдап оларға, Білім керек жақсы іске қарауға" тақырыбында әдеби кеш
101 мектеп-гимназияда
"Бейбітшілік әлемі" Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің қолдауымен ХІ ғасырда өмір сүрген танымал ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұнидің туғанына 1000 жыл, оның "Құтты білік" дастанының жазылғанына 950 жыл толуына байланысты "Ақыл керек білім таңдап оларға, Білім керек жақсы іске қарауға" тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кешке "Бейбітшілік әлемі" Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің вице-президенті Турсын Разиев, Халықаралық ұлттар достығы бірлестігінің төрағасы Азтекин Ибрагимов, "БЕНТ" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Дильмурат қажы Кузиев, Республикалық Ұйғыр этномәдениет орталығының өкілдері қатысты.
https://www.instagram.com/tv/B6AzVqFAW_Y/?utm_source=ig_web_button_share_sheet