Материалы за Мамыр 2025 года » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мұражайлар – тарихты танытатын құндылық» / "Музеи-это ценность, раскрывающая историю»
29
мамыр
2025
«Мұражайлар – тарихты танытатын құндылық» / "Музеи-это ценность,
Күн аясында оқушылар жақын маңдағы мұражайларға барып, тарихи-мәдени құндылықтармен танысты. Экскурсия барысында мұражай қызметкерлері ұлттық жәдігерлер туралы мазмұнды мәліметтер берді. Балалар қазақ халқының өткен тарихы, салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі жайлы тың ақпарат алды. Іс-шара оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, отансүйгіштік сезімдерін арттырды.
«Құстар біздің досымыз»
28
мамыр
2025
«Құстар біздің досымыз»
Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар – біздің досымыз. Құстар табиғатқа сән береді. Адамдар құстарға ұя жасап, жем шашып, қамқорлық жасауы керек. Осыған дәлел ретінде №101 мектеп-гимназияның оқушылары «Құстар біздің досымыз» ігі істер марафонында құстарға ұя жасап, құстарға деген өздерінің қамқорлығын көрсетті.
«Ұлттық аспаптар» күні / День» национальных инструментов"
27
мамыр
2025
«Ұлттық аспаптар» күні / День» национальных инструментов"
Этнолагерь аясында өткізілген «Ұлттық аспаптар» күні ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттауға бағытталды. Оқушылар қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихы мен қолданылу ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Домбыра, қобыз, сазсырнай сияқты аспаптардың үні тыңдалып, кейбір оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Күн танымдық әрі тәрбиелік мәнде өтті, балалар үлкен қызығушылық танытты.
Денсаулық пен сергектік — жақсы таңғы жаттығудан басталады!
27
мамыр
2025
Денсаулық пен сергектік — жақсы таңғы жаттығудан басталады!
Күніңді белсенді баста! Бүгін таңертең 101 мектеп-гимназия жанындағы жазғы лагерьде көңілді таңғы жаттығу ұйымдастырылды! Балалар музыка ырғағымен қимылдап, бой сергітіп, жаңа күнге көтеріңкі көңіл-күймен қадам басты. Денсаулық пен сергектік — жақсы таңғы жаттығудан басталады!