9 А, Б сынып оқушыларымен “Мектеп-қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ!” тақырыбында конференция ұйымдастырды. Конференцияның негізгі мақсаты: зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса педагог-психологтарға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы түсіндіру.
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабақтарын ұйымдастыру бойынша «Бүкіл отбасы үшін дұрыс тамақтану» тақырыбында 7 «Г» сынып ата-аналарымен сабақ өткізілді.
Өмір деген тіршілік, қоршаған орта, адамның өзі. Өмірдің қызығы ол осы дүниенің сан қырлы жақтарын көру, білу, сезіну. Мектебіміздің 8 сынып оқушылары арасында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында сұхбат жүргізілді.