Материалы за Ақпан 2024 года » Страница 5 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ақпан 2024 года » Страница 5
«Елтаңбасы елімнің неткен әсем, әдемі»
09
ақпан
2024
«Елтаңбасы елімнің неткен әсем, әдемі»
Мемлекеттік рәміздер - еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мектебіміздің 2 сыныптары арасында «Елтаңбасы елімнің неткен әсем, әдемі» тақырыбында ертеңгілік өтті.
"Мен спортты сүйемін"
09
ақпан
2024
"Мен спортты сүйемін"
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады.Мектебімізде 7-сыныптар арасында «Мен спортты сүйемін «атты волейболдан жарыс өтті. Жарыс нәтижесінде: 7»В»сыныбы I орын, 7»Б»сыныбы II орын, 7»А»сыныбы III
«Ұлттық ойындар-ұлт қазынасы»
09
ақпан
2024
«Ұлттық ойындар-ұлт қазынасы»
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға­сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Ұлттық ойындарды ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйретеміз. Мектебімізде 6
«Сен және заң»
09
ақпан
2024
«Сен және заң»
Құқық – мемлекеттік органдар қабылдайтын және адам мінез-құлқының жалпыға міндетті ережелерін белгілейтін нормативтік акт. Осы ережелерді бұзғаны үшін адам қоғам тарапынан түрлі жазаға тартылады. Әртүрлі заң бұзушылықтарды теріс қылық ретінде де, қылмыс ретінде де жіктеуге болады. Біздің мектеп-гимназиямызда 9-сыныптар арасында «Сен және заң» тақырыбында әңгіме өткізілді.
«Қыздармен кеңес»
07
ақпан
2024
«Қыздармен кеңес»
Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу - барша қауымның міндеті. Негізде қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғындыруға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, өткен тарихымызды білуге, оны қадірлеуге отансүйгіштікке тәрбиелеу - әрқайсымыздың алдымыздағы жауапты іс. Осы мақсаттар негізінде мектебімізде 9 -сынып қыздары арасында «Қыздармен кеңес» атты пікір алмасу өткізілді.
«Ұрпақ тәрбиесін қалыптастырудағы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні»
06
ақпан
2024
«Ұрпақ тәрбиесін қалыптастырудағы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні»
Ұлтты ерекшелейтін ол оның тілі, діні және ғасырлардан жеткен рухани темірқазығы саналатын асыл қазынасы, яғни – салт-дәстүрі. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіндік тарихи тағылымы бар. Өткеннің бай рухани мұрасы болған салт-дәстүрсіз тарихты елестету мүмкін емес. Салт-дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында мектебіміздің 8 «Е» сыныбында «Ұрпақ тәрбиесін қалыптастырудағы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.