Материалы за 09.02.2024 » КГУ "Школа-гимназия №101" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№101 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 229-54-56
Есепші бөлімі:
+7(727) 384-92-66
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл “
09
ақпан
2024
“Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл “
Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын-Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына орай “Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93 жыл “ тақырыбында 5-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
“Адалдық-адамдық ісі”
09
ақпан
2024
“Адалдық-адамдық ісі”
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық — пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Мектебіміздің 9”Д” сыныбында “Адалдық-адамдық ісі” тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді.
«Елтаңбасы елімнің неткен әсем, әдемі»
09
ақпан
2024
«Елтаңбасы елімнің неткен әсем, әдемі»
Мемлекеттік рәміздер - еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мектебіміздің 2 сыныптары арасында «Елтаңбасы елімнің неткен әсем, әдемі» тақырыбында ертеңгілік өтті.
"Мен спортты сүйемін"
09
ақпан
2024
"Мен спортты сүйемін"
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады.Мектебімізде 7-сыныптар арасында «Мен спортты сүйемін «атты волейболдан жарыс өтті. Жарыс нәтижесінде: 7»В»сыныбы I орын, 7»Б»сыныбы II орын, 7»А»сыныбы III
«Ұлттық ойындар-ұлт қазынасы»
09
ақпан
2024
«Ұлттық ойындар-ұлт қазынасы»
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға­сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Ұлттық ойындарды ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйретеміз. Мектебімізде 6
«Сен және заң»
09
ақпан
2024
«Сен және заң»
Құқық – мемлекеттік органдар қабылдайтын және адам мінез-құлқының жалпыға міндетті ережелерін белгілейтін нормативтік акт. Осы ережелерді бұзғаны үшін адам қоғам тарапынан түрлі жазаға тартылады. Әртүрлі заң бұзушылықтарды теріс қылық ретінде де, қылмыс ретінде де жіктеуге болады. Біздің мектеп-гимназиямызда 9-сыныптар арасында «Сен және заң» тақырыбында әңгіме өткізілді.