Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

2

Автор: admin от 28-04-2014, 16:50, посмотрело: 859

0
2

 

2014 жылы 2-6 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында өткізілген Ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық ғылыми жобалар сайысы болып өтті.
Бұл ғылыми жобаға жан-жақтан 700-ге жуық оқушы қатысты. Алматы қаласы Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Абдимитова Дилярам биология бағыты бойынша осы ғылыми жобаға қатысып ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми –практикалық орталығының сертификаты мен марапатталды.


2


Мен Алматы қаласының ең қабілетті оқушыларымен бірге «Дарын» ғылыми орталығының қолдауы арқасында Байқоңыр қаласында 2-6 сәуірде өткізілген «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарышты зерттеу бойынша Халықаралық ғылыми жобалар сайысына барып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болдым. Марапаттау кезеңінде мен жетістігімді естігенде төбем көкке жеткендей болды, себебі мені осы жобаға дайындаған мұғалімнің, үйде күтіп отырған ата-анамның үмітін ақтағандай болдым және де бұл менің болашақ өмірге басқан нық қадамымның бастамасы болып, жарқын болашағымның бейнесіне айналды. Байқоңыр қаласына барып, атақты ғарышкерлер мен конструктор ғалымдардың басқан ізімен жүріп, ғарыш тарихын өз көзіммен көріп, қолыммен ұстап көру құқығына ие болу - мен үшін үлкен бақыт. Юрий Гагарин атамыздың үйін көріп, Челомей атындағы мектеп қабырғасында, кейін Королев атындағы мәдениет үйінде жүріп, мен бір ерекше сезімде болдым.Тіпті «Буран» кемесіне кіріп,бір сәт болса да өзімді ғарышта болғандай сезіндім. Әрине, бұндай бақытқа, жетістікке, арманыма жетуім, ұстаздарымның маған сіңірген еңбегінің жемісі. Сондықтан менің ұстаздарыма айтар алғысым шексіз...

Категория: Традиция школы